Атырауда екі жұмысшы шатырдан құлап мерт болды
![Атырау, жұмысшы, шатыр, мерт болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 18:47](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-afc7b5ad-158a-4b04-b45c-36e69e5701e2/800x452.webp)
Атырауда көп қабатты тұрғын үйдің шатырын жөндеу кезінде екі жұмысшы төбеден құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпаратты Qazaqstan ұлттық арнасы жариялады.
Белгілі болғаны қайтыс болған жұмысшылар қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Олар қауіпсіздік белбеуін тақпапты. Соның кесірінен екеуі бірдей бес қабатты үйдің шатырынан тайып, құлап кеткен.
Олардың бірі — 25 жаста, ал,екіншісі — 36-да.
Полиция бұл іс бойынша тергеуді бастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript