Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Сурет: Blue Sky
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиғаға себеп еңбекті қорғау ережелерін бұзу екендігі айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz жергілікті басылымы мәліметінше, сағат 16:00 шамасында өндіріс орнында күрделі жөндеу цехының ұстасы қаза тапты. Қайғылы жағдайға құбырдың құлауы түрткі.
Аталған оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
"Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", - деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Риддерде жылу орталығында жарылыс болып, алты адам зардап шеккені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript