Оқушылардың қатарластарына жәбір көрсеткен бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады

Фото: freepik
Елорда мектептерінің бірінде оқушылар қатарластарына жәбір көрсетіп жатқан бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Онда жеткіншектер өзге баланы бетінен соғып, тепкінің астына алған сәттер анық көрінеді. Бұл оқиға 4 қыркүйек күні нөмірі 83-ші мектеп-гимназияда болған.

24.kz арнасына берген сұхбатында білім ошағының басшысы сол күні оқушылар мен ата-аналарын шақырып, әрқайсымен әңгімелескенін жеткізді.

Балалар болса, оқиғаның буллинг екенін жоққа шығарып, таспаға әзіл ретінде түсіргендерін айтқан. Ал кеше бейнежазба әлеуметтік желіге қайта тарап кеткен.

Енді мән-жайды полиция анықтап жатыр. Мектеп директоры қазір іс құқық қорғау органдарының бақылауында екенін мәлімдеді. Балалар мектепішілік қадағалауға алынды.

"Әлеуметтік желіде тараған видео туралы мынандай ақпарат бергім келеді. Ол оқиға 4 қыркүйек күні болған. Біз сол күні сағат 13:00-де бүкіл сол жерде болған оқушылар мен ата-аналарын шақырып, құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысын жасадық. Сол кеңесте ана-аналар мен оқушылардың берген түсініктемесінде олар жай ойын үшін, өздері үшін түсірген видео болып, сол видео біздің көзімізше өшірілді. Ал кеше сағат 18:00-ден кейін біз сол видеоның тарағанын көріп, ата-аналар мен балаларды қайта жинап, психологтармен бірге тағы да әңгіме жұмыс жүргіздік." Гүлмира Жарменова, №83 мектеп-гимназия директоры

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстанда жаңбыр аралас қар жауады: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді