Алматыдағы қызыл жалын: тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтерлер мен шатырдың жануы орын алуда

Фото: Zakon.kz
17 қазанда Алматыдағы Құрманғазы– Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан "Престиж Алатау" тұрғын үй кешенінде алапат өрт орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы ТЖД мәліметінше, бірнеше өрт сөндіру жасақтары Қашқар көшесіндегі үйге жіберілген. Жалын пәтерлермен қоса, шатырды да қамтыған.

"8 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтер өрті жылдам таралуда. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс атқарып жатыр", — деп хабарлады ведомство.

Өрттің таралу қаупі жойылды, ауданы анықталуда.

Тілсіз жаумен 25 өрт сөндіруші мен 6 техника күресуде. Қосымша көмек те жіберілді.

"Олар қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде, өйткені заттардың құлау қаупі бар", – деп қосты ТЖД.

Бұған дейін 17 қазан күні түн ішінде Алматыда жер сілкінісі мен өрт оқиғасы тіркелгені хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі атыс қаруынан өзін жарақаттап алды