Талдықорғанда метапневмовирустан екі дәрігер қайтыс болды: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді

Фото: primeminister.kz
Әлеуметтік желілерде Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында екі дәрігер метапневмовирустан қайтыс болды деген ақпарат таралуда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа қатысты түсініктеме 2025 жылғы 8 қаңтарда Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар алаңында берілді.

"Әлеуметтік желідегі Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында метапневмовирустан екі дәрігердің қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні облыста метапневмовирустық инфекция тіркелген жоқ. Айтылған екі дәрігердің бірі Қазақстанда жұмыс істеп артынша Ресейге қоныс аударған болатын. Ол бес жыл бойы онкологиялық аурумен күресіп келді, алайда содан көз жұмды",- деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова.

Бұған дейін Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізілуі мүмкіндігі жайлы хабарланған болатын.

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін