Қазақстанға Әзербайжан ұшағының "қара жәшіктерінен" алынған деректер жеткізілді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағының "қара жәшіктері" Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеме жасады:

"ҚР Көлік министрлігінің Авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес, барлық факті мен материалдарды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін алдын ала есепті жариялайды. Есепте анықталған нақты ақпарат пен тергеу барысы қамтылған".

Құзырлы ведомство елімізге жеткізілген "қара жәшіктен" алынған деректерді мамандар зерделеп жатқаны да нақтыланады.

Айта кетсек, 2025 жылдың 4 қаңтарында Бразилияда мамандар Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың борт жазбаларын зерттеуге кірісті. "Қара жәшіктерді" Қазақстан Бразилияға 2024 жылғы 30 желтоқсанда жөнелтті. 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында ұшақ құлады. Бортта 67 адам болды, олардың 29-ы аман қалды. Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев құлаған ұшақтың жолаушыларын құтқару кезінде батылдық пен кәсібилік танытқан Қазақстан азаматтарының бір тобын марапаттады. Табылған қос "қара жәшік" тексеру үшін ұшақты жасап шығарған Бразилияға жөнелтілген.


Ақтау
Ақтауда ұшақ апатқа ұшырады

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды