Ақтау маңындағы ұшақ апаты: "қара жәшіктер" Бразилияға жіберіледі

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: "қара жәшіктер" Бразилияға жіберіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2024 09:18 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР Көлік министрлігі Ақтау маңындағы авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия борттық өздігінен жазғыштарды (қара жәшіктерді) Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, Embraer әуе кемесі осы Бразилияда шығарылады.

CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.

Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында.

Бұған дейін Тоқаевтың Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушыларын құтқаруға көмектескендерді марапаттағаны хабарланған болатын.

Қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні орын алды. Ұшақ апаты туралы соңғы жаңалықтарды сілтеме арқылы оқи аласыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: