Автордың ақпаратынша, содан кейін жәбірленушіні соққыға жығып, тонап, ауыр халде қалдырып кетеді екен.
Бұл ескерту сенімді болып көрінгенімен, шындыққа жанаспайды.
Сурет: Stopfake.kz
Stopfake.kz мамандары бұл оқиғаның фейк екенін алға тартады. Ол қазақстандық әлеуметтік желілерге Ресейден, ол жаққа АҚШ-тан келген.
Жалған ақпаратпен күресушілер бірден түсініктеме алу үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінген.
"Мессенджерлерде тараған жолдың жиегіне қойылған "нәресте" отырған балалар креслосы, сондай-ақ көлікті тоқтату үшін оның алдыңғы әйнегіне жұмыртқа лақтыру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды",- деп нақтылады ведомство.
Сондай-ақ, ІІМ әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
"Тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырамыз", – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Бұған дейін Жоғарғы Соттың есірткі сатқаны үшін сотталған қазақстандықты босатқандығы хабарланған болатын.