Кадрлардан шабуылдаушының диванда отырған қызға қалай соққы бергенін көруге болады. Артынша, жәбірленуші жерге құлаған, бұған қарамастан ашуына мінген қыз соққыны жалғастырған.
"Типичный Павлодар" Telegram-арнасының авторы соққы берген қыздың әлеуметтік желідегі парақшасында 5 мыңнан астам оқырманы бар екенін атап өтті. Ол өзінің бет-жүзін жасырмаған.
Облыстық полицияның баспасөз қызметі 2025 жылғы 27 қаңтарда ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.
"Оқиғаға қатысушылардың жеке басы анықталды. Кәмелетке толмаған заңды өкілдің кепілгерлігімен босатылды. Сонымен қатар, оның заңды өкілі бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды". Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Жасөспірім профилактикалық есепке алынды.
"Павлодар әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді", – деп қорытындылады ведомство.
Бұған дейін Жетісу облысының прокуратурасының балаларды қорғау мақсатында тыйым салынған сайттарды бұғаттағаны хабарланған болатын.