Елордада полиция бірнеше ұрлықтың бетін ашты

Фото: Zakon.kz
Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 52 жастағы әйел адамды ұрлық қылмысына күдікті деп құрықтады.

Тергеу барысында ұсталған әйел үй қызметшісі болып жұмыс жасап жүріп, үй иесінің шкафқа салынған алтын бұйымдарын жымқырғаны белгілі болды.

Сөйтіп ұрлықшы жәбірленушіге тиесілі жалпы құны шамамен 800 мың теңге болатын алтын сақина мен сырғасын ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар елордалық полицейлер брендтік сағат ұрлаған ер адамды ұстады. Елордалық сауда үйлердің бірінен полиция қызметкерлеріне қоңырау түседі. Жәбірленуші ұрлық қылмысы болғанын хабарлайды.

Есіл ауданы ПБ қызметкерлері камералардың көмегімен 29 жастағы азаматты анықтады. Күдікт витринада тұрған "Ciga Design" брендінің ерлер қол сағатын және "Vivo Y55" күлгін түсті телефонын қолды қылған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 800 мың теңге.

Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды