ҚМА Перизат Қайратқа қатысты жаңа істің жай-жапсарын ашты

Сурет: Instagram/01pk
Перизат Қайратқа қатысты 2025 жылдың 23 қаңтарында мүгедек балаларды оңалту орталығының құрылысына ақша жинау кезіндегі алаяқтыққа қатысты жаңа сотқа дейінгі тергеу тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Перизат Қайрат 2021 жылдың қараша айында Ақмола облысында "Батыр" қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу үшін ақша жинау мақсатында қайырымдылық аукционын ұйымдастырған.

Жұрттың сенімін арттыру үшін оңалту орталығына мұқтаж мүгедек-балалар мен олардың ата-аналарын іс-шараға тартқан.

П.Қайрат тарапынан таратылған жалған деректер бойынша 48 миллион теңге жиналып, құны 100 миллион теңге ғимарат сыйға тартылған. Алайда, аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге түскен, осы ақшаны ол өзінің жеке қажетіне жаратқан.

Сонымен қатар, П.Қайрат "Батыр" қоғамдық бірлестігі үшін құны 30 миллион теңге жер телімін сатып алғанын мәлімдеген, алайда бұл участокты 2019 жылы бірлестік өзі сатып алған.

Оңалту орталығының құрылысы әлі басталмаған қалпында тұр.

Орталықтың қажеттілігіне берілді деген ғимарат мүлдем жоқ болып шықты.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды