Жол апатына ұшыраған автобус: Қалалық ДСБ зардап шеккендер туралы мәлімет ұсынды

Сурет: pixabay
Астанада 21 ақпанда №70 қалалық автобустың қатысуымен болған апат салдарынан 15 адам зардап шекті. Бұл туралы Zakon.kz сайтына елорданың денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқармадағылар электр бағанына соғылған автобус жүргізушісін алып шығу қиынға соққанын, мыжылған кабина ішінде қысылып қалған ер адамды құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен босатып алғанын айтады.

 "Оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеді, олар зардап шеккендердің барлығын №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді", – деп толықтырады қалалық ДСБ.

Қазіргі уақытта зардап шеккендерді тексеру қабылдау бөлмесінде жүргізілуде. Зардап шеккендердің арасында балалар мен жүкті әйелдер жоқ екендігі нақтыланады.

Бұған дейін Астанада Қабанбай батыр даңғылына қарай бағыт алған жолаушылар автобусының Бараев көшесінде электр бағананына соғылғаны хабарланған

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді