Қостанайда 21 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды

Фото: Zakon.kz
Қостанай облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері мен қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері өткен жылдардағы аса ауыр қылмысты ашты.

2003 жылдың мамыр айында Қостанай қаласының ауласынан зорлық-зомбылықпен өлтірілген 21 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған болатын.

Сараптама оны тұншықтырып өлтіргенін көрсетті. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.

Алғашында күдіктілердің бірін анықтағанымен, оның кісі өлтіруге қатысы бары туралы дәлелдер жеткіліксіз болды.

Бірақ полиция қызметкерлері дәлелдерді жинауды және іс материалдарын талдауды тоқтатпай, 20 жыл бойы тергеу жұмыстарының жалғасуын қамтамасыз етті. Ақпан айында қосымша тергеу шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 44 жастағы күдікті ұсталды.

Ол 2003 жылдың ақпан айында марқұммен танысқанын және бірге алкоголь ішкенін мойындады. Күдікті жәбірленушіге жыныстық қатынасқа түсуге ұсыныс жасағанын, ол бас тартқан соң тұншықтырып өлтіргенін айтты. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қостанай облысы полиция департаменті жыл басынан бері өткен жылдардағы 44 ауыр қылмыстың ашылғанын атап өтті.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді