КҚК-ға жасалған дрондар шабуылы: Энергетика министрлігі шығынды кім өтейтінін айтты

Сурет: Facebook/cpcpipe
ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 26 ақпанда ведомствода өткен брифинг барысында Каспий құбыр консорциумындағы (КҚК) оқиғаға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер бұл ретте" Қазақстан Украинаға жүгінеді ме және залалды кім өтейді" деп сұрады.

"Әрине, залалды қалпына келтіру жайында дипломатиялық арналар бойынша консультациялар жүргізілді. Қазіргі уақытта кәсіпорынның өз қаражаты есебінен бүлінген объектілерді қалпына келтіру жүзеге асырылуда", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Оның айтуынша, қазақстандық мамандар тобы тексеру жұмыстарына қатысқан.

"Ақауға қатысты  есеп ұсынылды, ол қазақстандық тарап акционерлерімен келісілді. КҚК-ның тұрақты жұмысы үшін жеткілікті үлкен сыйымдылықтар бар, шамамен 1 млн тонна. Қазақстандық мұнайды қабылдау шектеусіз жүріп жатыр, ол үшін бірқатар шешімдер қабылданды. Тасымал белгіленген кестелерге сәйкес орындалады, танкерлерді толтыру режимі схема бойынша жүреді. Бұл ағымдағы, яғни қалпына келтіру кезеңімен байланысты жағдай", - деп сендіреді Энергетика министрі.

Айта кетсек, 2025 жылдың 17 ақпанында Каспий құбыр консорциумының (КҚК) "Кропоткинская "мұнай айдау стансасына дрондар шабуыл жасады.

Қазақстан
Сәтқалиев Алмасадам

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды