Су ресурстары вице-министрі елордадағы су тасқыны қаупіне байланысты пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz/Мадина Мамырханова
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров 2025 жылғы 6 наурызда Астанада өткен конференция аясында журналистерге берген сұқбатында елордада су тасқыны болу қаупінің бар-жоғын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер шендіден: "Астанада су тасқыны жүру қаупі бар ма" деп сұрады.

"Астана тұрғындарына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, ал су тасқыны кезеңі министрліктің тұрақты бақылауында. Контрреттегіште қазір жұмыс жүріп жатыр. Ол қызыл суды қабылдауға ғана емес, оны қала арқылы қауіпсіз өткізуге де дайын, сондықтан бұл ретте алаңдауға негіз жоқ. Астанада су тасқыны күтіліп отырған жоқ", - деп сендіреді Нұрлан Алдамжаров.

2025 жылғы 14 ақпанда Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев елордадағы су тасқыны қаупіне қатысты ақпаратпен бөліскен. Қалалық ТЖД басшысының мәліметінше, елордада 18 су тасқыны қаупі бар учаске бар.

2025 жылы 15 ақпанда Қазақстанда су тасқынын болжау жүйесі іске қосылғаны хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы