Қазақстанда су тасқынын болжау жүйесі іске қосылды

Вода, водохранилище, водохранилища, водосбережение, система водосбережения, орошение, ирригация, полив земли, полив, поливание, подача воды, водный объект, плотина, плотины, водная инфраструктура, водные ресурсы, дамба, дамбы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 12:53 Фото: primeminister.kz
Елімізде су тасқынын болжау жүйесі өндірістік қолданысқа берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы 2025 жылғы 18 ақпандағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдемесінен белгілі болды.

"Елімізде Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі өндірістік қолданысқа берілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді",- делінген ақпаратта.

Сурет: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Ведомство дерегінше, бүгінгі таңда өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. "Қазсушар" филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды және оны жүйеге енгізеді.

"Tasqyn жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. Tasqyn 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді".Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, су тасқынына ел ішіндегі дайындықтан бөлек, біз көрші мемлекеттердегі әріптестерімізбен де тұрақты байланыстамыз.

"Ақпарат алмасу жедел жүреді. Көктемгі су тасқынын қабылдауға қоймаларда бос орын дайындау үшін су тастау жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің су қоймалары 13 млрд текше метр су қабылдай алады",- деп нақтылады ол.

Бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде тұрақтандыру қорындағы көкөністер толықтай игерілмегені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: