Су тасқынына дайындық: Қазақстанда су инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда

Вода, водохранилище, водохранилища, водосбережение, система водосбережения, орошение, ирригация, полив земли, полив, поливание, подача воды, водный объект, плотина, плотины, водная инфраструктура, водные ресурсы, дамба, дамбы, уровень воды, измерение уровня воды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2025 11:30 Фото: pixnio
Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынына дайындық аясында 74 гидротехникалық құрылысты жөндеді. Сондай-ақ, су өткізу қабілетін жақсарту үшін 239 шақырым өзен арнасы тазартылды.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің 16 өңірінде жалпы ұзындығы 584 шақырым болатын 384 бөгет жөнделіп, қайта тұрғызылды. Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, 6 облыстың (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай) 84 елді мекенінде қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды салу, реконструкциялау және қалпына келтіру бойынша 57 жоба іске асырылуда. Бұл жұмыстар 359 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2024 жылы Қазақстанның 14 облысында 84 су шаруашылығы нысанына көп факторлы зерттеу жүргізілді. Биыл 105 гидроқұрылысты көп факторлы зерттеуден өткізу жоспарланып отыр.

"Еліміздің барлық су қоймалары бекітілген кестеге сай жұмыс істеп тұр. Су деңгейіне тұрақты мониторинг және тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі. Бос орындар дайындау үшін су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасуда. Бұл су тасқыны кезінде суды қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді", – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: