Жозықсыз әрекет: Бишімбаевқа алимент мөлшерін төмендетуден бас тартылды

Сурет: Жоғарғы Сот баспасөз қызметі
Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевтың алимент төлеу туралы нотариаттық келісімнің талаптарын өзгерту туралы талап қоюы бойынша жауапкер Назым Қахарманға қатысты азаматтық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 2020 жылы бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында нотариаттық келісім жасалған, оның шарттары бойынша әкесі кәмелетке толмаған үш баланы асырап-бағуға әр айдың 20-күніне дейін ай сайын 1,6 млн теңге мөлшерінде алимент төлеуге міндеттенді.

"Талап қоюшы алимент мөлшерін азайту арқылы аталған келісімді өзгертуді сұрады, оның талаптарын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқандығына және жұмысқа орналаспағанына негіздеді",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Бишімбаев келісімнен келесілерге қатысты ережелерді алып тастауды сұрады:

Істің материалдарын қарағаннан кейін сот алимент төлеу туралы нотариаттық келісімге өзгерістер енгізу үшін заңды негіздердің жоқтығы туралы қорытындыға келді.

"Сот талап қоюшының 2024 жылдың тамызында сыйға тарту шарттары бойынша үшінші тұлғаларға тиесілі мүлікті иеліктен шығару арқылы өзінің материалдық жағдайын әдейі нашарлатқанын анықтады. Бұл ретте, оның ұзақ мерзімге сотталғанын және келісімді көзделген көлемде орындауға мүмкіндігі жоқ екенін ескере отырып, өзіне тиесілі мүлік есебінен міндеттемелерді орындауға нақты мүмкіндігі болған. Бұл жағдайларды сот талап қоюшының жосықсыз әрекеті деп санайды".Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып, сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

2024 жылдың 13 мамырында Астанада Салтанат Нүкенованың аса қатыгездікпен өлтірілуіне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан
Бишімбаев Қуандық

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды