Елордада такси жолаушысы жүргізушінің телефонын ұрлап кеткен

Фото: Zakon.kz
Астана қалалық полициясына жергілікті тұрғын телефонының ұрланғаны жөнінде арызданды. Оның айтуынша, автокөлік салонынан құны шамамен 300 мың теңге тұратын iPhone 15 телефоны ұрланған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады.

42 жастағы ер адам такси қызметін пайдаланып, қажетті мекенжайға жеткен соң көліктен шығарда жүргізушіге тиесілі телефонды көзге түсірмей ұрлап кеткен.

Салдарынан жәбірленушіге материалдық шығын келтірілген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті өз кінәсін мойындады. Ол телефонның ашық жерде жатқанын пайдаланып, оны алып кеткенін айтқан.

Қазіргі таңда оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сонымен қатар оның бұған дейін қаланың басқа аумақтарында жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Полиция қала тұрғындарына сақ болуды, әсіресе такси секілді қоғамдық орындарда бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Телефон тергеу барысында табылып, иесіне қайтарылды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз