6 жасар қызын зорлаған: Сот әкесін өмір бойына бас бостандығынан айырды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өз қызын қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны үшін айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың баспасөз қызметі 4 қыркүйекте хабарлағандай, 2025 жылдың сәуір айында сотталушы Қордай ауылында үйінде алкогольдік мас күйінде 6 жасар қызына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған.


"Прокурор сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап кешірмей, заңға сәйкес қатаң жаза беруді талап етті. Сотталушы кінәсін толық мойындады", – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігінің санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сот жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының жасаған ісіне өкінгенін ескерді.

Сот үкімі бойынша сотталушы кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот моральдық зиянды өтеу ретінде 5 млн теңге өндіріп беруді міндеттеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2 қыркүйекте Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі сотында балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен заң факультетінің студентіне тағайындалған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы туралы хабарланды.

Тараз
Қазақстан
ҚР Жоғарғы соты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі