Вице-премьер үкімет өз халқын қолдайтынын айтты.
"Үкімет туралы көп сын айтылады, сіздер, бәлкім, пікірлерді мүлде оқымаймыз деп ойлайсыздар ма? Бірақ шындығында біз сіздермен бір жақтамыз. Біздің басқа саясатымыз жоқ, тек сіздерді қолдау ғана бар. Бұл шын мәнінде солай. Еліміздің экономикалық болашағы өте жақсы болуы үшін, түсінесіздер ғой? Сондықтан біз сіздерді естідік, және осындай ұсыныстары барлар талқылауға қатыса алады", – деді Жұманғарин.
Оның айтуынша, құжат нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланады, содан кейін оны талқылауға болады.
"Мен бұған дейін де айтқанмын, жеңілдетілген режимде жұмыс істегендердің басым бөлігі сол форматта жұмысын жалғастыра береді, оларға өзгерістер әсер етпейді. Үй маңындағы дүкендерде, шаштараздарда, асханаларда жұмыс істегендер бұл өзгерістерді өздерінде сезбейді. Егер ірі компаниялар нарығына шығқыңыз келсе – жалпыға бірдей режимге өтіңіз. Бұл әділетті емес пе?" – деп қосты вице-премьер.
Бұрын қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 1 миллион жеке кәсіпкер өз айналымдарын көрсетпейтінін мәлімдеген еді.