Астанада интернет арқылы есірткі таратқан жұп құрықталды

Фото: Zakon.kz
Елордада полиция прокуратураның үйлестіруімен өтіп жатқан 30 күндік есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар аясында заңсыз әрекетпен айналысқан ер адам мен әйелді ұстады.

Тергеу барысында олардың жалдап тұрған пәтерін есірткі қоймасы ретінде пайдаланғаны анықталды. Тінту кезінде ерекше иісі бар жасыл түсті шамамен бір келі марихуана тәркіленді.

Сондай-ақ тұрғылықты жерінен есірткіні ұнтақтауға, буып-түюге және өлшеуге арналған пластик ыдыстар мен түрлі құралдар табылды.

Қазір екі күдікті де қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Астана қалалық полиция департаменті ескертеді: есірткі заттарын заңсыз сақтау және тарату – аса ауыр қылмыс, ол үшін қатаң жаза қарастырылған.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды күмәнді жайттар немесе есірткінің заңсыз айналымына қатысты деректер байқалған жағдайда бірден 102 нөміріне хабарлауға шақырады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз