Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 23 қазан күні Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды. Премьер-министр Комиссияға жұмысын дереу бастауды, жол апатының себептерін жан-жақты тексеруді, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық ететін Комиссия құрамында Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы бар.

2025 жылғы 23 қазанда Ақтөбе облысы, Белқопа ауылына жақын Самара – Шымкент автожолында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан 12 адам қаза тауып, 5 адам зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілді.

Полицияның алдын ала мәліметтері бойынша, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып, ГАЗель жолаушылар көлігімен соқтығысқан.

Оқиғаны тергеу үшін Қазақстанның Ішкі істер министрлігі арнайы топ жіберді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз