Қасым-Жомарт Тоқаев: Республика күні – халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн

Сурет: akorda.kz
2025 жылдың 24 қазанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында ел азаматтарын ұлттық мерекемен құттықтап, бұл күннің тарихи маңызы зор екенін атап өтті.

"Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күні құтты болсын! Ұлттық мейрам қарсаңында дәстүрге сай Ақорда төрінде мемлекетіміздің үздік азаматтарымен жиналып отырмыз", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, биыл еліміз азаттықтың 35 жылдық мерейлі белесіне жетті. Дәл осы күні Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданып, ғасырлар бойғы мемлекеттілік дәстүр қайта жаңғырған еді.

"Көп ұзамай халқымыз Тәуелсіздік туын көтерді. Тарихи әділдік орнап, ұлт рухы асқақтады. Сондықтан бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің баға жетпес құндылық екенін атап өтіп, оны сақтау мен нығайту – барша қазақстандықтың ортақ парызы екенін жеткізді.


"Егемендік – ата-бабаларымыздың ұлт мүддесі жолындағы өшпес ерлігінің айқын көрінісі", – деді Президент.
Астана
Молния
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты