Мемлекет басшысы Монако Князіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Князь II Альберді және Монако халқын Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2025 жылдың 19 қарашасында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы жеделхатта Монако княздігі халықаралық аренадағы беделін сенімді түрде нығайтып, бірегей мәдени мұрасын сақтау әрі байыту, сондай-ақ орнықты даму, қаржыны жауапты басқару және қоршаған ортаны қорғау моделі арқылы бүкіл әлемге үлгі болып келе жатқанын атап өткен.

Қазақстан Президенті достық байланыстар мен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Князь II Альбер мен оның отандастарына бақ-береке тіледі. 

Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек