Астанада жоғалып кеткен жасөспірімнің мәйіті өзеннен табылды

Фото: pixabay
Астанада 14 жасар мектеп оқушысы 24 қарашада жоғалып кетті. Біраз уақыттан кейін оны өзеннен мерт күйінде тапты деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, 24 қарашада сағат 21:00-де астаналық тұрғын полицияға қызын сағат 18:30 шамасында үйден шығып кеткенін және байланысқа шықпай қалғанын хабарлаған.

"Қызды іздеуге полицияның барлық жеке құрамы, еріктілер және басқа да қосымша күштер жедел тартылды. Іздеу іс-шаралары нәтижесінде мектеп оқушысының денесі өзеннен табылды. Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде қыздың денесі қаладағы мәдениет және демалыс саябағына апаратын жаяу жүргіншілер көпірінің астында, қалың жүргіншілер жүретін жерде табылғаны айтылады.

Сонымен қатар, 15 қарашада Қарағандыда құтқарушылар 19 жастағы қыздың суицид жасауын алдын алған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді