Қостанайда мектеп оқушысы бомба туралы жалған ақпарат таратып, шұғыл қызметтерді дүрбелеңге салды

Фото: Zakon.kz
Қостанайда еріккен оқушы білім беру бөлімі, дәрігерлер, полицейлер мен құтқарушыларды аяғынан тік тұрғызды. Ол көрші мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлап, өзі сырттай күлкіге қарық болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК ақпаратына сүйенсек, хабарламадан соң, оқиға орнына полицейлер, жарылғыш заттарды залалсыздандыру қызметі, өрт сөндірушілер және медицина қызметкерлері дереу жетті. Мектептегілер түгел эвакуацияланды. Алайда ғимарат пен оған іргелес аумақтан жарылғыш зат табылған жоқ. Осылайша қауіп расталмады.

Ал жалған қоңырауды басқа мектептің 7-сынып оқушысы жасапты. Ол сыныптасының телефонын пайдаланған және мұны "әзіл үшін" жасағанын, оның салдарын түсінбегенін мойындады. Кәмелетке толмағаны үшін жазадан құтылғанымен, ата-анасы жазаланатын болды.

"Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы тәрбиелеу міндеттерін тиісті орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар шақыртуға жауап беру барысында төтенше қызметтердің жұмсаған шығынын өтеу мәселесі қаралатын болады".Карина Базарбаева, Қостанай облысы ПД ақпарат саясаты бөлімінің басшысы

Бұған дейін Алматыда бір мезетте бірнеше бизнес-ғимараты жанып кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді