Қасым-Жомарт Тоқаев Аида Балаеваны қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2025 жылдың 3 желтоқсанында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, атап айтқанда, ведомствоаралық ықпалдастықты күшейту, қызметтер сапасын арттыру, адам капиталын дамыту және саланы цифрландыру шаралары жөнінде баяндалды.

Президентке мәдениет пен ақпарат, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, сондай-ақ отбасы, жастар саясаты салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы аталған бағыттарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан
Молния
Балаева Аида
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы