ҚМА Qarmet мүлкін жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр

Фото: АФМ РК
Қаржылық мониторинг агенттігі ("Qarmet" компаниясының құқықтық мирасқоры) "АрселорМиттал Теміртау" АҚ мүлкін жымқыру фактісі бойынша "АлбаСтройДор" ЖШС директоры С.Г. Кимге қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

2015 жылы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ мен "АлбаСтройДор" ЖШС арасында домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған. Аталған келісімде қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығы көзделмеген.

Алайда С.Г. Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы — "Күзет" ЖШС тартылған. Оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен.

Ұрланған мүлік С.Г. Кимнің бақылауындағы "ГлобалСпецТорг" ЖШС және "ЦентрОптСнаб" ЖШС арқылы заңдастырылған.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған.

Күдікті С.Г. Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады