Астанада үш жасар бала есікті іштен жауып, пәтерде жалғыз қалып кеткен

Сурет: видеодан алынды
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің төртінші қабатындағы пәтерде 2022 жылы туған бала есікті ішінен жауып алып, жалғыз қалып кеткен оған көмек қажет болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ шұғыл байланыс желісіне Сарыарқа ауданындағы Ұлытау көшесінде орналасқан тұрғын үйдегі пәтердің есігін ашу қажеттігі туралы хабарлама түскенін нақтылайды. Пәтер ішінде 2022 жылы туған бала жалғыз қалып кеткен.

"Оқиға орнына 1 шақырым қашықтықта орналасқан №24 МӨСБ құтқарушылары келіп, құтқару арқанын пайдаланып, үйдің шатырынан төртінші қабаттағы терезе арқылы пәтерге кірді. Бала әкесіне тапсырылды, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", делінген хабарламада.

ТЖМ балаларды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді.

Бұған дейін Ақмола облысында құтқарушылар өз үйінде қиындыққа ұшыраған әжеге көмек көрсеткенін жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді