Баласы бар ер адам Алматы – Астана рейсіне неге жіберілмеді - әуе компанияның ресми түсініктемесі

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
5 қаңтарда Алматыдан Астанаға қатынайтын FS-7061 рейсіне билеті бар жолаушыны баласымен бірге FlyArystan әуе компаниясы ұшаққа отырғызбай қойған. Осы оқиғаға қатысты әуе компания бүгін, 7 қаңтарда ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру нәтижелері бойынша мынаны хабарлаймыз:

"2026 жылғы 5 қаңтардағы Fs7061 Алматы – Астана рейсінде отырғызу аяқталған кезде жолаушылар орнында болмады. Жолаушыларды отырғызудың барлық кезеңдері, оның басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруларды қоса алғанда, уақтылы және бірнеше мәрте жарияланды. Жолаушыларды отырғызу аяқталғаннан кейін және соңғы тексеруден соң алаңға жолаушылардың келмегені анықталды. 22: 13-те жолаушылырды отырғызу шарасы ресми түрде аяқталды. Сағат 22:15-те жолаушылар алаңға келді, бірақ барлық ұшу алдындағы процедуралардың аяқталуына байланысты оларды бортқа кіргізу мүмкін болмады. Қызметкерлердің барлық іс-әрекеттері авиациялық ережелерге және ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес орындалды". FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі

Неліктен әке компания кешіккен жолаушыларды күте алмайтынын мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Айта кетсек, басынан өткен аталған оқиғамен Facebook-тегі парақшасында Марлен Қалиев деген азамат бөліскен болатын. Ер адам әуежайға уақытылы жеткенін, кісі көп болғандықтан олар бір-бірін итере бастағанын, сондықтан баласымен шеткері тұра тұруды жөн көргенін айтады. Ал олар кісі аяғы саябырсығанда таққанда өздерінің рейске жіберілмейтінін естіген. Оның айтуынша, бұл жағдайда өзіне ешқандай түсінік берілмеген.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды