Мемлекет басшысы депутат Сергей Пономаревті қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономаревті қабылдады.

Президент – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалпыұлттық бірегейлікті одан әрі арттыру, ел бірлігін нығайту, өскелең ұрпақты отаншылдық рухында тәрбиелеу бағытында Қауымдастықтың атқарған қызметі туралы мәлімет берілді.

Сергей Пономарев ұлтты ұйыстыратын фактор ретінде мемлекеттік тілді насихаттаудағы славян ұйымдарының жұмысы туралы баяндады.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі "Бірлігіміз – әралуандықта" тұжырымдамасын іске асыру аясындағы Қауымдастықтың биылға арналған жоспарын таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев этносаралық келісім мен бірлік мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі саналатынын атап өтті. Президенттің пікірінше, әділдік пен баршаға тең мүмкіндік жасау – Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаты.

Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрамына кіретін ұйымдар барлық этнос өкілдерінің арасында ортақ құндылықтарды қазақстандық патриотизм негізінде насихаттауға жан-жақты ықпал етуге ден қояды.

Қазақстан
Молния
Астана
Пономарев Сергей
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді