Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі бала құтқарылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
17 қаңтарда таңертең, Алматы ауданында Бауыржан Момышұлы даңғылындағы 14 қабатты тұрғын үйдің 10-қабатында орналасқан балконда өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер жоғары дабыл белгісімен аяқтан тік тұрғызылып, оқиға орнына аттанды.
"Алғашқы өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына келіп жеткенде балконның ашық жалынмен оранғанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау мен өртті сөндірумен айналысты. ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды. Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттан 8 адамды эвакуациялап, көрші пәтерден екі баланы құтқарды", делінген хабарламада.
Өрт сағат 8.50 шамасында толығымен сөндірілді.
Бұған дейін Астанада кісісі қалың көшеде жеңіл көлік отқа оранғаны хабарланған.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты