"Ұсталғанға дейін жұмыстан шығып кеткен": ҰҚК Алматы облысындағы әкім орынбасарына қатысты тергеуді растады

Сурет: gov.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Алматы облысы Іле ауданы әкімдігі әлеуметтік желілерде пайда болған Қуат Ақшабаевты ұстау туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 17 қаңтарда Telegram-дағы kozachkow каналы Іле ауданы әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаевты ҰҚК қызметкерлері тұтқындады деп хабарлаған. Ақшабаев 28 миллион теңге пара алды деп күдікке ілінген. Кейін egovpress дереккөздерге сілтеме жасап, Ақшабаев алған пара көлемі шамамен 323 миллион теңге болғанын жазды.

2026 жылғы 28 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қуат Ақшабаевқа қатысты тергеудің жүргізіліп жатқанын растады, бірақ қандай бап бойынша екенін нақтыламады.

"Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды", – деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Іле ауданы әкімдігі де келесідей түсініктеме берді.

"Қуат Ақшабаев ұсталғанға дейін өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш берген. Ол әкімнің орынбасары лауазымынан босатылған және қазіргі уақытта бұл қызметті атқармайды", – деді Іле ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Астанада дропперлік бойынша алғашқы үкім шыққанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы облысы
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді