Астанада есірткі қылмысының жолы кесілді

Фото: pexels
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері елорданың Байқоңыр ауданында патрульдеу кезінде есірткіге қатысты қылмыстың жолын кесті.

Қала көшелерін патрульдеу барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Дәурен Өмірбек және патрульдеушілер қатардағы Дәуір Әшімбек пен Досымжан Дәулетхан күмәнді әрекет жасаған белгісіз тұлғаларға назар аударады.

Көліктен түскен екі азамат айналасына жалтақтап, қардың астынан белгісіз затты алып, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан. Жағдайды жедел бағалаған ұландықтар дереу оларды қууға кірісіп, күдіктілердің бірін ұстады. Ал қалған екеуі қашып үлгерген.

Оқиға туралы әскери жасақтар кезекшісіне жедел түрде баяндалды. Кезекші 102 нөмірі арқылы полиция қызметкерлеріне хабарлады.

Аталған факт бойынша материалдар жедел-тергеу тобына тапсырылып, ұсталған азамат заңнамаға сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл оқиға Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары даярлығы мен қырағылығын айқын көрсетеді. Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ұландықтар есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске елеулі үлес қосуда.

Айта кетейік, 2025 жылы есірткі заттарын заңсыз сақтау және тасымалдаудың 56 дерегі құқықтық тәртіп әскерлерінің арқасында анықталып, тіркелген.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі

8 қыркүйекте елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасады