Атырауда мектепте балтамен ойран салған бала сабағына оралды

Сурет: pixabay
Құлсарыда қатарластарына балтамен шабуылдаған оқушы 9 ақпанда сабаққа қосылды. Сот шешімі бойынша, жасөспірім білім алуын жалғастыра береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК ақпаратына сүйенсек, жарақат алған оқушылар әлі ем-дом алып жатыр. Осы оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылған.

"9 ақпан күні бала сабаққа қосылды. Себебі сот отырысының алғашқы отырысы өткізіліп, ата-анасының сұрауы бойынша, адвокаттың сұрауы бойынша және баланың кәмелетке толмағанын ескеріп, денсаулық сақтау орындарына және білім беру мекемелеріне баруына келісім беріліп, үй қамағына жіберілді. Басқа уақытта бала үйінде болады".Марат Әбуов, Атырау облысы білім басқармасының басшысы

Білім басқармасындағылардың айтуынша, оқиға балалар арасындағы кикілжіңнен басталған. Бұл жағдайға қатысты үндеу жариялаған Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектепте буллинг бар екені айтты.Сол себепті өңірге министрлік тарапынан арнайы комиссия барып, бәрін тексереді.

Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүрігізіп жатыр. Оқушының қолына ұстап келген балтасы да табылмаған екен.

Айта кетейік, 5 ақпан күні Құлсары қаласындағы №6 мектепке 10 сынып оқушысы балтамен келіп, өзге оқушыларға шабуыл жасаған. Суық қарудан екі бала жарақат алды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Автокөлік жеткілікті – Қазақстан автобизнес қауымдастығы автонесие туралы

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады