Атырау облысында оқушы мектепке балта әкеліп, дүрбелең тудырды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2026 11:38 Фото: Zakon.kz
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Кульсары қаласындағы бір мектепте 10-сынып оқушысы балтамен дәлізде жүгіріп, басқа оқушылар арасында дүрбелең тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде тараған видеодан белгілі болды.

Алғашқы мәліметтерге сәйкес, оқиға сабақ кезінде болған. Бейнебақылау камералары жасөспірімнің бірнеше оқушыны қуалап, олардың қорқыныштан әр жаққа қаша жөнелгенін тіркеген. Бір оқушы кабинетке кіріп, есікті жауып үлгерген. Жасөспірім есікке балтамен бірнеше рет соққы жасап, кейін жұгіріп кеткен. Біраз уақыттан соң ол сөмкесін алып, белгісіз бағытқа кеткен.

Полиция мәліметінше, 5 ақпанда "102" арнасына хабарлама түскен. Онда 10-сынып оқушысының сыныптастарымен болған жанжалдан кейін оларға шабуыл жасағаны және мектеп аумағынан кетіп қалғаны айтылған. Шабуыл нәтижесінде екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған.

Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты былай деп хабарлады:

"Хабарлама түскеннен кейін полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жетті. Жасөспірім анықталып, ұсталды. Барлық қатысушылар мен олардың ата-аналары полицияға жеткізілді".

Оқиға бойынша тәртіпсіздік белгілері бар қылмыстық іс қозғалды. 15 жасар күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ІІО тіркеуіне қойылды. Материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға процессуалды шешім қабылдау үшін жолданды.

Сонымен қатар, ата-аналарына қатысты қадағалау міндетін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Қылмыстық іс аясында білім бөліміне жағдайды түзету және қылмысқа ықпал еткен себептерді жою туралы ұсыныс жолданды. Тергеу нәтижесі бойынша білім беру ұйымының қызметкерлері мен мектептің күзет агенттігінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Айта кетейік, 2023 жылғы 13 ақпанда Петропавлда ұқсас жағдай тіркелген. Сол кезде 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш оқушы жарақат алған. Кейін жасөспірімнің 15 жаста екені және психиатриялық есепте "депрессия" диагнозымен тұрғаны белгілі болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: