Хромтаулық оқушы Тәуке ханды "сөйлетті"
Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы №3 орта мектептің алтыншы сынып оқушысы Жомарт Азаматұлы Тәуке ханның портретін "сөйлетті", деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол арнайы құрылғы ойлап тапты. Өнертабыстың ерекшелігі сонда, ол Тәуке хан тұсында Қазақ хандығында қабылданған "Жеті жарғы" заңын баяндайды.
"Оқушы портретті жасауда түрлі қажетті техникалық құралдар мен аудиотаспаларды пайдаланған. Жұмысты әзірлеуге бір жыл уақыт кеткен".Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Портрет mp3-құрылғысымен, сенсорлы өшіру түймелерімен және 12 В қуат көзімен жабдықталған.
Жас өнертапқыш алдағы уақытта өзге де ақын-жазушылар мен тарихи тұлғалардың портреттерін сөйлетіп, сол арқылы өскелең ұрпаққа халық тарихын кеңінен насихаттауды жоспарлап отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript