Жамбыл облысында 44 оқушы мен екі мұғалім уланып қалды

Тараз, оқушы, мұғалім, Байзақ ауданы, астан улану, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 11:13 Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 7 қараша күні Н.Киікбаев атындағы орта мектептің 44 оқушысы мен 2 мұғалімі улану белгілерімен Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық ауруханасына түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, тексеруден кейін 11 оқушы үйіне қайтарылды, 2 мұғалім мен 33 оқушы медициналық көмек алып жатыр.

Ведомство балалардың жағдайы қалыпты екенін жеткізді.

"Бұл факті бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінен тұратын арнайы жедел штаб құрылды".ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Министрліктің баспасөз қызметі мәселенің мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: