Павлодар облысында үйде жасырылған мәйіттер: адам шошырлық деректер анықталды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы үйлердің бірінде екі адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға жайлы тың мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы ТВ" телеарнасының дерегінше, алдын ала деректер көрсеткендей, бір адамның мәйіті үйде шамамен екі жыл бойы жатқан, ал екінші адамның мәйітіне бірнеше ай болған. Тергеу мәліметтері бойынша, қаза болғандар үй иесінің жақын туыстары – күйеуі мен қызы болуы мүмкін деп қарастырылуда.

Әйелдің көрші тұратын туған сіңілісі оқиғадан бейхабар болып шықты. Көршілердің болжамынша, әйел туыстарының өлімін жасырып, күйеуінің зейнетақысын және қызына арналған жәрдемақыны алуды жалғастырғысы келген болуы мүмкін.

Дүрбелең дәрігерлер тарапынан туындаған: бір науқастың ұзақ уақыт бойы қабылдауға келмегенін байқап, жағдайға назар аударған.

Бұл ретте, үйде қаза болған әйелдің алты жастағы немересі тұрған. Баланы үш күнге Майқайың ауруханасына жатқызған. Қыздың психоэмоциялық жағдайы тұрақты деп бағаланды. Баланың жағдайын балалар психологы және мамандандырылған дәрігерлер қадағалап отыр.

Жаға ұстатарлық жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде 2026 жылғы 14 ақпанда тараған еді. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды