Қазақстанда Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс ведомствосының мәліметінше, ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасап, аман қалған.

"Ұшқыштар аман. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір олар медицина мамандарының бақылауында". ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынған. Халыққа және инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігі Ұшу қауіпсіздігі департаментінің бастығы жетекшілік ететін арнайы комиссия құрды.

"Комиссия құрамына авиация қызметінің бейінді мамандары енгізілді. Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады". ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Су-30 – екі орындық, 4+ буындағы көп мақсатты жойғыш ұшақ. Ол әуе нысандарын жоюға, қарсыластың әуеайлақтарын алыс қашықтықта бұғаттауға, сондай-ақ жерүсті және теңіз нысандарына соққы жасауға арналған.

Сонымен қатар Су-30 әуе кеңістігінде үстемдік орнату кезінде топтық әскери іс-қимылдарды басқаруға, қарсыластың әуе десантын жоюға, әуе барлауын жүргізуге және қарапайым әрі күрделі ауа райы жағдайында жерүсті нысандарын жоюға қолданылады.

2025 жылдың соңында Әзербайжаннан Түркияға бағыт алған түркиялық әскери-көлік C-130 ұшағы Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында апатқа ұшыраған еді.

Алматы
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі