Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды алып келу бойынша жаңартылған ақпарат

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және FlyDubai әуе компанияларының 5 рейсі орындалып, нәтижесінде елге 851 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 наурызға қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары арқылы жолаушыларды Қазақстанға жеткізу үшін бірқатар рейстерді орындау жоспарланған.

4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасады. Осы рейстермен елге 851 жолаушы жеткізілді. 5 наурыз күні Қазақстанға жолаушыларды алып келу үшін қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар тағы бірнеше рейс орындайды. ҚР Көлік министрлігі

Air Astana әуе компаниясы Жидда – Ақтау – Алматы және Жидда – Атырау – Алматы бағыттары бойынша екі рейс орындауды жоспарлап отыр.

SCAT Airlines әуе компаниясымен Маскат – Алматы бағыты бойынша 2 рейс орындалады.

Air Arabia әуе компаниясы Шарджа – Алматы бағыты бойынша рейс орындауда. Тәуліктің соңына дейін осы бағытта тағы бір рейс жоспарланған.

Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Алматы және Астана қалаларына рейстер жасауды жоспарлап отыр (жолаушылар саны нақтылануда).

3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан Республикасына барлығы 12 рейс ұшып келді, нәтижесінде 2111 жолаушы елге оралды.

Бүгінгі күнмен қосқанда Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға шамамен 4000 азамат жеткізіледі.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының бірлескен жұмысы аясында жалғасып жатыр.

БАЭ
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз