Қазақстан Грузиядан жеті жастағы қызды елге қайтарды

Фото: unsplash
Қазақстан Грузиядан жеті жастағы қыз баланы елге қайтарды. Оқиғаға қатысты мәліметтерді Zakon.kz тілшісіне Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі ұсынды.

Министрліктің 2026 жылғы 10 наурыздағы мәліметінше, баланы елге қайтару жұмыстары алты ай бойы жүргізілген.

Осы уақыт ішінде дипломатиялық арналар арқылы келіссөздер өтіп, Грузияның құзырлы органдарымен байланыс орнатылған. Сондай-ақ қажетті құжаттар рәсімделіп, рәсімнің құқықтық сүйемелдеуі қамтамасыз етілген.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта қыз бала қауіпсіз жағдайда.

Сонымен қатар оған қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

"Баланың мүддесін ескере отырып және заң талаптарына сәйкес оны әрі қарай отбасына орналастыру мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде", – деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік баланың құқықтарын, қауіпсіздігін және жеке өмірінің құпиялығын қорғау мақсатында оның жеке деректері, қайда болғаны және басқа да мәліметтер жария етілмейтінін ерекше атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Теміртау қаласының тұрғыны Лариса Кузнецова облыстық клиникалық аурухананың №1 перинаталдық орталығында 13-баласын дүниеге әкелгені хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады