Ақын Мұхтар Шаханов ауруханаға түсті

Сурет: Instagram/mukhtar_shakhanov_official
Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Мұхтар Шаханов атындағы қордың төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұржігіт Ысқақ халықты ақынның сауығып кетуі үшін дұға жасап қоюға шақырды.


"Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ, денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Ендеше, құрметті халайық! Көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық!",- деп жазды ол.

Ол сондай-ақ, өз сөзінде Шахаовты халықтың қаһарман ақыны, жазушысы, ұлт үшін жанын аямай тер төккен азамат ретінде суреттеді. Оны тек қазақ халқы емес, бүкіл түркі әлемі мойындағанын жазды. Кеңестік жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кезінің өзінде басын бәйгеге тігіп, Кремльдің төрінде Желтоқсан оқиғасын әлемге паш еткен ерлігін тебірене есіне алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін