Концерт билеттері: ІІМ алаяқтардың тәсілдерін атады

Фото: Zakon.kz
15 сәуір күні таңертең Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билет сатып алу кезінде сақ болу жөнінде ұсыныстарын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, интернетте жалған хабарландырулар жиі кездеседі. Сонымен қатар, концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билеттерді сатып алу немесе қайта сату бойынша делдалдардың күмәнді ұсыныстары да таралуда.

Алаяқтар билеттерді сатып алуда көмек ұсынады немесе оларды қымбат бағаға сатады. Одан бөлек, жалған билеттер таратуы да мүмкін.

Оларға сенген адамдар ақша аударып, соңында билетсіз қалуы ықтимал.

"Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады және кез келген іс-шараға билеттерді тек ресми әрі тексерілген жерлерден сатып алуды ұсынады. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаған абзал", – деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен ішкі істер органдарында "102" мобильді қосымшасы, "Заң және тәртіп" сервисі және "SOS дабыл түймесі" жүйесі арқылы келіп түсетін өтініштермен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық бекітілген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Ғылым Қазақстанның энергетикасын қалай өзгертеді - сарапшымен сұхбат

Қазақстанның цифрлық трансформациясы саяси-институционалдық деңгейге көтерілді - сарапшы

Депутаттар озық технологияларды ұтымды қолдануы керек

Қазақ дәрігері көзді емдеудің тың тәсілін ойлап тапты