Астанадағы өрттен үш баласынан айырылған ана есін жиды

Фото: Zakon.kz
Астанада болған жантүршігерлік өрт салдарынан үш баласынан айырылған әйел есін жиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел бірнеше тәуліктен бері жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 12 сәуірге қараған түні Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткенімен, тек 39 жастағы әйелді ғана аман алып қалу мүмкін болған. Оның 2 жастан 13 жасқа дейінгі үш баласы көз жұмды.

Зардап шеккен әйел қазір елордадағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның психологиялық жағдайы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.

"Науқастың жағдайының ауырлығы күйік ауруымен, тыныс алу жолдарының зақымдануымен және ағзаның улануымен байланысты. Қазіргі уақытта ол есін жиды, берілген нұсқауларға жауап береді. Барлық қажетті дәрі-дәрмектік ем көрсетілуде. Тыныс алуы жасанды тыныс алу аппараты арқылы қамтамасыз етіліп отыр. Жүрек жұмысы мен қан қысымы тұрақты", – деді дәрігер.Дәрігер-травматолог Марат Сабиров:

Бұған дейін Астанада ер адам қажылыққа бармақ болған 17 адамды сан соқтырып кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда магистратураға түсуге өтініш қабылдау мерзімдері жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді