ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін тағы да ескертті.

Ведомство мәліметінше, мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жаза қарастырылған. Соңғы уақытта жарылғыш зат қойылғаны немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төнгені туралы жалған ақпаратты байланыс құралдары, интернет-ресурстар, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тарату фактілері жиілеген.

ІІМ өкілдері мұндай хабарламалар әзіл немесе қалжың ретінде жасалған күннің өзінде, қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланатынын атап өтті.

Жалған ақпарат қоғамда үрей туғызып, жаппай эвакуацияларға, мемлекеттік органдардың, білім беру және медициналық мекемелердің жұмысының тоқтауына себеп болады. Сонымен қатар, шұғыл қызметтердің күші мен құралдары орынсыз жұмылдырылады.

Аталған қылмыс үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген. Барлық осындай хабарламалар міндетті түрде тексеріліп, оларды таратқан тұлғалар заманауи цифрлық және техникалық құралдардың көмегімен анықталады.

Осыған байланысты полиция азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға, жалған хабарламалар жасамауға, сондай-ақ балаларға мұндай әрекеттердің салдары бар екенін түсіндіруге шақырады. Егер күмәнді немесе қауіпті хабарлама алынса, дереу полицияға хабарлау қажет.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда магистратураға түсуге өтініш қабылдау мерзімдері жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Бірыңғай банкаралық QR-кодқа кім жауапты

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды