Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындарына маңызды ескерту жасады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (МҚҚ) 2026 жылғы 20 сәуірде Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына маңызды ескерту жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, елордада алдағы күндері бірқатар халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шаралар өтеді.

"Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында елордада халықаралық саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты қаланың кейбір көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Маңызды халықаралық деңгейдегі іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақорданың мәліметінше, 20–23 сәуір аралығында Қазақстанға Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ 22–24 сәуір күндері Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Оған бірқатар мемлекеттер мен үкімет басшылары, халықаралық ұйым жетекшілері қатысады.

Бұдан бөлек, 22 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Аралды құтқару халықаралық қоры құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты