Неге қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары азайғаны түсіндірілді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алия Молдабекова 2026 жылғы 23 сәуірде Сенат кулуарында зейнетақы активтерінің инвестициялық табысына қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) табысының төмендеуі теңгенің нығаюымен байланысты.

Журналистер наурыз–сәуір айларында доллардың әлсіреуі байқалғанын атап өтіп, бұл жағдай зейнетақы активтерінің табыстылығына қалай әсер еткенін сұрады. Себебі БЖЗҚ инвестицияларының бір бөлігі шетел валютасында сақталады.

"Бұл жерде ешқандай шығын туралы сөз болып отырған жоқ. Әңгіме теңгенің нығаюына байланысты инвестициялық табыстың төмендеуі туралы. Активтердің шамамен 40 пайызы әртараптандыру мақсатында шетел валютасында инвестицияланған. Жыл басынан бері теңге долларға шаққанда шамамен 5,5 пайызға нығайды. Соның салдарынан наурыз айында инвестициялық табыс 240 млрд теңгеге азайды", – деді Алия Молдабекова.

Сонымен бірге ол жыл басынан бері БЖЗҚ инвестициялық табысы оң нәтижеде екенін айтты – 172 млрд теңгеден астам, ал соңғы бір жылда шамамен 2,5 трлн теңге көлемінде оң табыс қалыптасқан.

Оның сөзінше, зейнетақы активтерінің табыстылығын қысқа мерзімде бағалау дұрыс емес, себебі бұл ұзақ мерзімді жинақтар.

"Зейнетақы активтерін бағалаудың дұрыс көрсеткіші – олардың ұзақ мерзімді табыстылығы", – деді ол.

Бұған дейін Алия Молдабекова зейнетақы жинақтарын алудың шекті мөлшерін талқылауға қатысты пікір білдіріп, осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ұстанымын түсіндірген болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді