Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафоса мен оның отандастарын Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық мейрамы – Бостандық күнімен құттықтады.

Президент ОАР Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында дәстүрлі достық пен түсіністікке негізделген ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафосаның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Оңтүстік Африка халқына бақ-береке тіледі. 

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз